English   Казақша   Русский
Негізгі  |  Компания туралы  |  Жаңалықтар  |  Тізімдеме  |  Сапа  |  Байланыстар
  Искать
Компания туралы

    
      

     «Казэнергокабель» АҚ Қазақстан Республикасы Елбасының «Қорғаныс өнеркәсiбiн конверсиялау және дамыту туралы» Жарлығына және өндіру өнеркәсіптерін дамыту бағдарламасына сәйкес орындалды, Қазақстан Республикаының Министрлер Кабинетімен қабылданды және басым инвестициялық жобалар тізіміне енді. Зауыт Қазақстанның өндірістік өңірінің ортасында орналасқан. Географиялық тұрғыда, Павлодар қаласымен бірдей ара-қашықтықта, Қарағанды, Өскемен, Семей, Астана сияқты республикамыздың ірі индустриалды орталықтары орналасқан. Зауытта қажетті барлық инфрақұрылымдар бар: өндірістік, әкімшілік, қойма корпустары, сондай-ақ тұрмыстық корпустар мен әртүрлі көмекші ғимараттар бар. Өнеркәсіп заманауи өндірістік-технологиялық құралдармен жабдықталған.
            Зауыт өзінің бірінші өнім партиясын өндіруді 1994 жылы бастады, олар негізінен оқшауланбаған сымдар болатын. Осымен бір уақытта мекемеде құрылыс корпустары салынып жатты. 1999 жылы зауыт кабельдік-өткізгіштік өнімнің шектелген ассортиментін өндіре бастады.
           Бүгінгі таңда «Казэнергокабель» АҚ 7000 астам өнім түрін өндіретін кабельдік-өткізгіштік өнімнің ірі отандық өндірушісі болып табылады. Астана, Алматы, Ақтөбе, Ақтау қалаларында дамыған филиалдар жүйесінің болуы Қазастанның кез-келген аймағында тұтынушының кез-келген талабына тез жауап беруге, тауарды келісімді бағасы бойынша қысқа мерзімде жеткізуге мол әсерін тигізеді. Кәсіпорын 2000 жылғы нәтиже бойынша импорттың орнын алмастыру жайлы үкімет бағдарламасының ең үздік қатысушысы болып табылды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Дипломымен марапатталды.
             «Казэнергокабель» АҚ келесі ассоциациялардың мүшесі болып табылады:
–      «Электрокабель» (Мәскеу қ-сы),
–      «Қазақстандағы машина жасау»,
–      «Қазақстан инженер-энергетиктерінің бірлестігі»,
–      «Қазақстан Республикасының жұмыс берушілер бірлестігі». 
           Бүгінгі таңда «Казэнергокабель» акционерлік қоғамы өзінің тұтынушыларын өнімнің кең шоғырымен қамтамасыз етуде. Оларға: күштік, бақылау, телефондық кабельдері; орнату, әуе, телефонды сымдары; өндірістік жару жұмыстарына арналған сымдар; ауылды жерлерде телефон байланыстарын радиоландыруға арналған телефондық сымдар; сондай-ақ су арту электр қозғалтқыштарына арналған орнату, болатты көп өткізгішті сымдар және т.б. жатады.   
              2006 жылы «Казэнергокабель» АҚ шетелдік қаржыландырушыларды және Қазақстанның Даму Банкі несиесін жұмылдырумен өз қаражаты есебінде қаржыландырылған телефон сымдары мен полиэтиленмен тігілген оқшауламалы күш беретін кабельдерді шығаруды жолға салатын қаржыландырылған жобаны іске асырды, жобаның жалпы соммасы АҚШ 12,8 млн.долларын құрады. Жобаның іске асуы 150 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, зауыттың өндірістік күшін екі есе арттырды.
                     “Казэнергокабель” акционерлік қоғамы отандық тауар өндірушісі ретінде отандық тауар өндірушілерді қолдау және ҚР кәсіпорындарының өнімдерін сатып алуды  жүзеге асыруда қазақстандық үлес мөлшерін арттыру бойынша мемлекеттік бағдарламаның тұрақты қатысушысы болып табылады. Біздің кәсіпорында шығарылатын өнімнің қазақстандық үлес мөлшері көрсетілген (70 пайыздан 100 пайызға дейін) СТ-KZ формасына сәйкес тауардың шығуы туралы сертификаты бар. “Казэнергокабель” АҚ  «Самрұқ-Қазына ҰСФ» АҚ құрылған отандық тауар өндірушілер Тізілімінде тіркелген, тіркелу нөмірі
004189, сонымен қатар «Самрұқ-Қазына ҰСФ» АҚ құрылған адал жабдықтаушылар тізімінде тіркелген,  тіркелу нөмірі 11.  Бұл мәлімет толығымен  «Самрұқ-Қазына» ҰСФ» АҚ ресми сайтында бар.              2010 жылы Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енген «Корпарация Қазақмыс» ЖШС-нің қаржылай қолдауымен «Алюминилі илемді өндіру» Инвестициялық жобасы іске асырылды. Аталмыш жоба шикізаттың шетелдік жеткізушілерден тәуелді болуын төмендетеді, алюминилі өзекті кабельдер мен сымдардың қазақстандақ үлес мөлшерін жоғарлатады, сондай-ақ кабельді-өткізгішті өнімдерді өндірудегі материалдық шығындарды азайтады.
          Жоғары саплы көрсеткіштер өнімді халықаралық, мемлекетаралық стандарттарға сәйкес өндірудің, жоғары сапалы шикізатты қолданудың, заманауи жабдықтар мен технологияларды қолданудың, мекемде ISO 9000 сериялы және т.б. стандарттарға сәйкес сапа жүйесін енгізудің нәтижесінде алдынады.
               2004 жылдың 23-наурызында «Казэнергокабель» АҚ ИСО 9001-2001 сериялы сапа менеджменті жүйесімен сертификацияланды.
               2007 жылы акционерлік қоғам «Өндіріс мақсатындағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша «Алтын сапа» республикалық көрме-сайысында Дипломымен марапатталды.
                 Тапсырыс берушінің талабын толығымен қанағаттандыру біздің компаниямыздың дамуының басты мақсаты болып табылады. Технологияның әр уақытта жетіліп отыруы, ең жаңа материалдарды қолдану, кабельдік-өткізгіштік өнімдердің жаңа түрлерін игеру, тапсырыстарды жоспарлау мен сапаны бақылауда компьютерлік жүйені енгізу ең қысқа уақытта өндірістік тапсырысты орындауға, икемді бағаны қалыптастыруға және жоғары сапалы өнімді жеткізуге мүмкіндік береді.