|
Жаңалықтар
1 | 2
| 30.12.2011 - Жаңа жылыңызбен! |
|
| 22.12.2011 - Энергетик күнімен! |
|
| 15.12.2011 - Тәуелсіздік күнімен! |
|
| 07.11.2011 - "Power Kazakhstan 2011" көрмесі |
-
1-3 қараша аралығында Алматы қаласы «Атакент» ҚІБО өткен 10-шы Қазақстандық Халықаралық көрмеге және «Энергетика және Жарық» POWER KAZAKHSTAN 2011 Конференциясына «Казэнергокабель» АҚ белсене қатысты.
Power Kazakhstan – Орталық Азиядағы мамандандыру оқиғасының басты жүргізушісі, оның құрамына Конференциялар мен Көрмелер кіреді. Жыл сайын Конференциялар мен Көрмелерге әлемдік өндірушілер, электр жабдықтары мен қызмет көрсететін мамандар, жүргізуші инженерлер, кәсіпорын энергетиктері және басқа да салалар мамандары қатысады. Көрме мен Конференцияның бір мезгілде өтуі Power Kazakhstan беделін көтереді. Мұнда ТМД-ң және басқа да мемлекеттердің өкілдері бағалы іскери қатынастар құрайды, тәжірибелерімен алмасады, Қазақстан нарығына және көрші мемлекеттерге өздерінің өнімдерін ұсынады. 2002 жылдан бастап Power Kazakhstan жыл сайын Алматының «Атакент» ҚІБО көрме орталығында өтеді.
Көрменің қорытындысы бойынша «Казэнергокабель» АҚ Алғыс Сертификатымен марапатталды.
|
| 04.11.2011 - Құрбан айт қабыл болсын! |
|
| 31.10.2011 - Павлодар облысының Астанадағы күндері |

25-26 қазан аралығында Астанада Қазақстан тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай, Алматы, Павлодар және Батыс-Қазақстанның мәдениет Күндерінің бағдарламасына ұйымдастырылған жәрмеңкелер мен концерттер өткізілді.
Павлодар облысының күндерін бірлік және татулық Сарайында өткізілген Павлодар облысының тәуелсіздік жылдарындағы жеткізген жетістіктері туралы ауқымды көрме жалғастырды.
«Казэнергокабель» АҚ осы мерекеге белсенді қатысып, өз өнімдерінің үлгісін көрмеге қойды. Көрмеде Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа облысымыздың экономикалық, әлеуметтік және мәдениеттік саладағы дамудың қорытындысын ұсынды.
Мерекелік шараны Павлодар облысының талантты ұжымдары қорытындылады. Ең қызықтысы, бірлік және татулық Сарайының опера залының сахнасында Алматының, Батыс-Қазақстанның және Палодардың әртістері қатысты. |
| 26.10.2011 - Кабелдік өнеркәсіп қызметкерлер күніне арналған салтанатты отырыс |
|
25 қазан күні Кабелдік өнеркәсіп қызметкерлер күні мен «Электрокабель» Бірлестігінің 20-жылдығына орай Мәскеу қаласының Бүкіл ресейлік кабельді өнеркәсіптің ғылыми зерттеу институтында (БКӨҒЗИ) салтанатты отырыс өткізілді.
Мерекелі кездесуге өнеркәсіп салаларының ардагерлері, Ресей және ТМД кабелдік кәсіпорындар жетекшілері, ғылыми ұйымдардың өкілдері, серіктестер басшылары және кабельдік өнімнің тұтынушылары қатысты. «Электрокабель» Бірлестігін «Казэнергокабель» атынан Қоғамның өндіріс директоры Николай Жиров құттықтады.
Салтанатты отырыста Бірлестік мүшелерімен қабылданған кабелдік өнеркәсіптің әнұраны алғаш рет ойнады. Ол мынандай сөздермен басталады: «Біз жарты әлемді кабелмен шырмадық…» |
| 25.10.2011 - Кабелдік өнеркәсіп қызметкерлер күні |

«Казэнергокабель» АҚ ұжымы 3 жыл қатарынан 25 қазан күні өздерінің кәсіпқой мерекелері «Кабелдік өнеркәсіп қызметкерлер күнін» тойлауда.
Бұл жылы әкімшілік пен кәсіподақ комитеті өздерінің қызметкерлері үшін «Достық» концерттік залында нағыз мереке ұйымдастырды.
Салтанатты отырыста құрмет мадақнамасымен кәсіпорынның ең үздік қызметкерлері марапатталды. Электрокабель Бірлестігімен (Мәскеу қ.) «Казэнергокабель» АҚ келесі қызметкерлеріне құрмет көрсетілді: техника дамуының директоры - Владимир Прилепский кабелдік өнеркәсіптің еңбегі сіңген қызметкер атағына ие болды. Негізгі өндіріс цехы бастығының орынбасары - Топко Виталий және негізгі өндіріс цехының түсті металдарын тасушы - Медов Мухамед «Электрокабель» Бірлестігінің Құрмет Мадақнамасымен марапатталды.
Зауыттастар мен қонақтар үшін үрмелі аспаптар оркестрі ойнады, ал мерекелік бағдарламаға Павлодардың ең үздік шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін ортаға салды.
|
| 21.10.2011 - Көрмеге шақыру! |
-
Сіздерді «Казэнергокабель» АҚ 2011 жылдың 1-3 қараша аралығында «Атакент» көрме орталығында өтетін «Power Kazakhstan 2011» көрмесінде біздің
кәсіпорынның стендін көруге шақырады.
Қатысушы бейджін алу үшін Сізге http://onsite.iteca.kz/ нұсқауы арқылы сайтқа кіріп, тізімнен Power Kazakhstan 2011 көрмесін тауып өз мәліметтеріңізді енгізу қажет. Поштаға электрондық бейдж жіберіледі, оны шығарып, көрмеде
visitor бейджіне ауыстырып алу керек.
Бұл электрондық бейдж Сізге көрмеге 3 күн тегін кіру құқығын береді.
- Көрме орталығы мына мекен-жайда орналасқан: Алматы қ., Тимирязев көш., 42
Сіздерді 9А Павильонындағы № 29 стендінде күтеміз.
- Көрменің жұмыс уақыты – 10:00 -ден, 18:00-ге дейін
|
| 20.10.2011 - Түркі тілдес мемлекеттердің Іскерлік кеңес мәжілісі. |
20 қазан күні Алматы қаласында өткен түркітілдес мемлекеттердің Іскерлік кеңес мәжілісіне «Казэнергокабель» АҚ белсене атсалысты.
Бұл шараға Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан және Қазақстан делегациялары қатысты. Форумның жұмыс барысында Түркітілдес мемлекеттердің Іскерлік кеңесін құру туралы Келісімге қол қойылды. ІК-ке түркі тілдес мемлекеттердің ірі компаниялары мен ұйымдардың өкілдері кірді.
Форумның қатысушылары алдында «Атамекен» ҰЭП-ң басқарма төрағасы Аблай Мырзахметов, Түркияның палата және биржа Одағының президенті Рифат Хизарциклиоглу, Әзірбайжан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер ұйымының бірлестігі президенті Мамед Мусаев пен Қырғызстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Марат Шаршекеев сөз сөйледі. Іскерлік кеңестің алғашқы отырысында өзекті сұрақтар мен экономикалық ынтымақтастықтың келешек жоспарлары талқыға салынды.
Қазақстандық жақ біздің мемлекетіміздің инвестициялық мүмкіншіліктерін тарту етті. Сонымен қатар, қырғыздық әріптестер де өздерінің инвестициялық потенциалдары мен ІК-ке қатысулары туралы әңгімеледі.
Түріктер жақ Еуразиялық кеңістікте жекеменшік секторлардың даму жолдарын айтты, ал Әзірбайжан өкілдері қатысушылардың назарын өзіндік тәжірибеге және мемлекеттердің қарым-қатынасы, инновация төңірегінде ғылым мен бизнес мәселелеріне аудартты. ІК-ң мәжілісі төңірегінде іскер төрт мемлекеттер арасында екіжақтық және көпжақтық келіссөз сериясы орнады. |
| 12.10.2011 - Қазақстанның кәсіподақтар күнімен! |
| |
| 04.10.2011 - Әсет Исекешевтің "Казэнергокабель" АҚ келуі |
2011жылдың 28 қыркүйегінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, индустрия және жаңа технология министрі Әсет Исекешев Павлодарға жұмыс бабымен келді.
«Қазақстан-Сібір 2011ж» Халықаралық көрменің аранйы ашылуына және пленарлық мәжіліске қатысып, вице-премьер Павлодардың ірі кәсіпорындарына барды. Соның ішінде «Казэнергокабель» АҚ да бар.
Біздің кәспорында Әсет Исекешев алюминилі илемнің өндірілу технологиясымен танысты. Өнімнің инвестжобасы өткен жылы жүзеге асырылды.
Әсет Исекешевтің айтуы бойынша, күшейтілген индустриализациялау бағдарламасы аясында 100-ге жуық түрлі тірек құрылымдар өңделді. Бірінші тапсырма – жиналған қарқынды кемітпеу, жаңашыл идеяларды іздеу: - « Ең маңыздысы, елбасының тапсырмасы бойынша мынандай маңызды сұрақтар қалай шешіледі, олар, инновациялық кәсіпорындардың өсуі, еңбек өнімдерінің өсуі, энерготиімділік, кадрлар даярлау. Жалпы Павлодар облысы үздіктердің бірі: мұнда әсерлі де белсенді жұмыстарды облыс әкімшілігі жүргізіп жатыр. Инновациялық жобалар өте көп».
Бүгінгі таңда, «Казэнергокабель» АҚ алюминилік илем бойынша экспортқа шығып, 200 тоннаға жуық өнімді Украинаға жіберді. Қазір Германиямен, Румыниямен және Өзбекстанмен өнімді жеткізу туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. |
| 27.09.2011 - "Қазақстан-Сібір 2011" көрмесі |
|
2011 жылы 28-29 қыркүйек аралығында «Астана» Мұз Сарайында өткен «Қазақстан – Сібір 2011ж» Халықаралық көрмеге "Казэнергокабель" АҚ белсенді қатысып, дипломға ие болды.
Көрменің мақсаты – белгілі қазақстандық және ресейлік компанияларды бір алаңда біріктіру болды.
-
Қазақстанның 20-жылдығына орай, Павлодарға Қарағандының, Шығыс-Қазақстанның, Солтүстік Қазақстанның, Ақмола облысының, Астана және Алматының ең ірі компаниялары сапалы өнімдерін жеткізді.
-
Сонымен бірге, көрме стендтеріне және «Астана» мұз сарайының алаңына Новосібір, Омбы, Томск, Кемеров және Барнаулдың ірігабаритті экспонаттары қойылды.
-
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, индустрия және жаңа технология министрі Әсет Исекешев көрме ашылуында, «Ресей және Қазақстан – стратегиялық серіктестер» -екендігін атап кетті. «- Біздің қарым-қатынас сауда-экономикалық ынтымақтастықта құралған және жылдан жылға нығайтылуда. Кеден Одағының төңірегіндегі өңірлер арасында экономикалық байланыстың нығайтылуы, тауарайналымды едәуір ұлғайтады, ортақ жобалардың санын арттырады және үлкен әсер береді - деп ойлаймыз».
-
«Ресей Қазақстанмен ең ауқымды шекарада. - Көрмеде сіздің мемлекетіңізбен шекаралас РФ ресейлік ұйымдары өз өнімдерін ұсынды, жалпы алғанда, барлық Ресей өңірлері қазақстандық серіктестермен сауда-экономикалық байланысты үнемі үзбейді»-деді, Ресей Федерация елшілігінің аға кеңесшісі Сергей Анненков.
|
| 31.08.2011 - Конституция күнімен! |
|
| 22.08.2011 - Үстел теннисінен сайыс |
21-тамыз - спорт күні. "Казэнергокабель" АҚ -ң кәсіподақ комитеті үстел теннисінен сайыс ұйымдастырды. Сонымен қатар мереке Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай өткізілді.
Сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар кәсіподақ комитетінің және Қазақстан Республикасының 20-жылдығына арналған логотиптік футболкаларымен марапатталды.
.jpg) |
| 12.08.2011 - Құрылысшы күнімен! |
|
| 05.08.2011 - Теміржолшылар күнімен! |
|
| 25.07.2011 - "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің Құрдастарына" атты акция |
|
| 22.07.2011 - Кішігірім қойнау кабельдері мен сымдардың жеңіл ұсыныммен сатылуы. |
| Қойма қорының оңтайлануына байланысты, «Казэнергокабель» АҚ кішігірім қойнау кабельдері мен өткізгіштердің жеңіл ұсыныммен сатылатынын жариялайды Сіз мына жерден қарай аласыз. Егер сіз қызығушылық білдірсеңіз, онда біздің мекен-жайымызға мекемеңізді және өнімнің салмағын көрсетіп жіберуіңізді сұраймыз. |
| 19.07.2011 - «Казэнергокабель» АҚ -на VDE институтына сәйкес NYCY марка кабеліне сертификат берілді. |
«Казэнергокабель» АҚ VDE германиялық институтында «Казэнергокабель» АҚ өндірген NYCY маркасының кабелі сынақтан өткізілгенін хабарлайды. Сынақтың қорытындысы бойынша Еуропа Одағының ережесіне сәйкес, стандарты мен белгісін растайтын сертификат берілді.
Қазіргі уақытта «Казэнергокабель» АҚ NYCY марка кабелін шығаратын жалғыз отандық өндіруші. Бұл кабельде Қазақстанның үлесі 92% құрайды.
Біз Еуропа сапасының деңгейіндегі кабель және өткізгіш өнімін сіздерге жеткізіп отыруына әрдайым қуаныштымыз. |
|