English   Казақша   Русский
Негізгі  |  Компания туралы  |  Жаңалықтар  |  Тізімдеме  |  Сапа  |  Байланыстар
  Искать
Жаңалықтар

1 | 2 | 3 | 4

01.01.2017 - Жаңа Жылыңызбен!



16.12.2016 - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл

25.10.2016 - Кабельдік өнеркәсіб күні!
  25 қазанда "Казэнергокабель"павлодарлық кабель зауыты өзінің кәсіби мерекесі "Кабельдік өнеркәсіб күнін» атап өтті.
  Мереке тарихы 1879 жылдан басталады. 1879 жылы 25 қазанда болған оқиғаға байланысты. Кабельдік өнеркәсіп қалаушысы неміс инженері К. Сименс деп айтуға болады. Ол "Сименс и Гальске" электр компаниясында қызмет еткен. Дәл осы күні ол ерекше құжат алды. Бұл куәлікте оған кәсіпорында кабель өндіру бойынша жұмыс жүргізуге мүмкіндік берді. Осылайша, бұл күн кабель өнеркәсібі құрылған деп есептеледі. Дәстүр бойынша кабел-өткізгіш өнімдерді өндірумен айналысатын кәсіпорындарда үздік қызметкерлерді құрмет ордендерімен, қағаздарымен марапатталады.
  Бұл тамаша дәстүрді "Қазэнергокабель” зауыты да қалдырмайды. Кабельдік өнеркәсіп күні «Электрокабель» Қауымдастығының "Қазақстанның еңбек сіңірген кабель өнеркәсіп қызметкері" атты Төсбелгісі мен Құрмет грамотасымен зауыт қызметкерлері марапатталды. Қазіргі уақытта "Электрокабель" Қауымдастығы 86 кәсіпорынды біріктіреді, оның ішінде Ресей және ТМД елдерінің ұйымдары мен фирмалары, оның ішінде 58 ресейлік кәсіпорындары, 15 - Украина, 6 - Беларусь, 3 – Өзбекстан, 1–Қазақстан кәсіпорындары енген. Кабель өнеркәсіп саласының дамуына зор улес қосқан, бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін, жаңа технологияларды және техникасын енгізген үшін марапатталады. Кабель өнеркәсіп қызметкер күнін тойлау салтанатты іс- шарада зауыттың ( Қазақстанда жалғыз зауыт Қауымдастықтың мүшесі) үш үздік қызметкерлері "Электрокабель" Қауымдастығының Құрмет грамотасымен және «Электрокабель» Қауымдастығының "Қазақстанның еңбек сіңірген кабель өнеркәсіп қызметкері" атты Төсбелгісімен марапатталды.
  Мақтау қағаздарымен және сыйақымен зауыттың негізгі өндіріс цехының жұмысшылары, алюминий ширатпасын өндіретін цехының және инженерлік-техникалық қызметкерлерінің 15 азаматы марапатталды. Сондай-ақ 20 қызметкері Құрмет Тақтасынаенгізілді. Мереке концерттік бағдарламасымен ұласты.

25.09.2016 - Машина жасушы күнімен!

12.09.2016 - Құрбан айт қабыл болсын

30.08.2016 - Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен!

23.03.2016 - Наурыз мейрамы құтты болсын
   Көктемгі күн мен түннің теңелген күні 22 наурызда әлемдегі ежелгі мейрамдардың бірі – Наурыз тойланып келеді. Жаңа жыл жақсы өту үшін, оны дұрыс қарсы алу керектігіне ата-бабамыз сенген болатын.
  Наурызға дәстүрлі дайындық мейрамға дейін бір апта бұрын басталады. Осы уақытта көктемді жақсы көңіл-күймен қарсы алу үшін біз тек үй-жайларымызды ғана емес, сондай-ақ ойларымызды да ретке келтіреміз. Әр күн – жаңа жыл жолындағы кезекті баспалдақ деп саналатын. Ата-бабамыз мерекелік аптаны қалай өткізді және бүгінде қандай дәстүрді қолға алуымызға болады? Наурыз мейрамын біздің қазақ халқымыз «Ұлыстың ұлы күні», - деп та атаған.
    22 наурызда қаланың Орталық алаңында орнатылған киіз үйде «Казэнергокабель» АҚ ерекше қонақтарын - «Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» ММ-нің және «Балаларға арналған баспана» ММ-нің тәрбиенушілерін қарсы алды.



















    Орталық алаңға өздерінің отбасыларымен және балаларымен демалуға келген қызметкерлері мен зауыт ардагерлері "Казэнергокабель" АҚ киіз үйдің сыйлы қонақтары болды.










Павлодар қаласы әкімі Болат Бақауовтың атынан «Казэнергокабель»АҚ Алғыс хатпен марапатталды.








Бұл күні барлық жақсы тілекпен келген барлық қонақтарға қуаныш сыйлап, дастархан жайып қарсы алды.


 

04.03.2016 - Келе жатқан Халықаралық Әйелдер күнімен!

18.12.2015 - Мұнай компанияларымен кездесу

Мереке күндері Атырау қласында Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының мұнай операторларымен - NCOC, ТСО, КРО кездесу өткізілді.
Мәжіліс барысында тіркеулер сұрақтары және жабдықтаушы операторлар тізімге отандық тауар өндірушілердің қосындылар көрсетілген, Қазақстан Республикасының аумағында сатып алу операторларға өнімнің жоспарланған оқшау бөлігілері туралы сұрақтар қарастырылған еді.
Кабель өнімдерінің ең ірі отандық өндіруші «Казэнергокабель» АҚ кездесуге қатысты.


04.12.2015 - Отандық тауар өндірушілер көрмесі

Астана қаласында «Көрме» көрмесі орталығында «Ұлы Дала Елі» тауар өндірушілер І Форумы және «Қазақстанның үздік тауары» атты республикалық көрме-байқауы өтті.
Форумның мақсаты - отандық тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы жақсы ынтымақтастық, өзара бизнес тұрғысынан өзекті мәселелері бойынша шешімдерге келіп және оларды дамытып, нығайту .
Форум B2B формат барысында өткізіліп, отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелері талқыланып пленарлық отырысы ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, отандық тауар өндірушілердің 144 компаниясы облыстық «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының жеңімпаздары, оның ішінде «Казэнергокабель» тауарларының көрмесін ұйымдастырды.


Алғыс - "Қазақстанның Үздік Тауары" республикалық көрме-конкурсына белсенді қатысқаны үшін






30.11.2015 - Мерейтойлық алюминий ширатпасы!

«Казэнергокабель» АҚ алюминий ширатпасын өндіру цехы Тұңғыш Президент күні қарсаңында 55 000 тонна алюминий ширатпасын өндірді. Мерейтойлық алюминий ширатпасын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орайластырып отыр.
«Қазэнергокабель» АҚ 2010 жылы кабель өнімдерін өндіру экономикалық тиімділігіне қол жеткізу мақсатында алюминий ширатпасын өндіру бойынша инвестициялық жобаны іске асырды.
«Қазэнергокабель» АҚ өнімдерімен ішкі нарықтың қажеттіліктерін және Ресей Федерациясы , Беларусь, Украина және Өзбекстан аймақтарына экспорттайды.


27.11.2015 - КПО-ның жұмыс кездесуі!
26-27 қарашада Алматы қаласында КПО-ның электржабдықтар мен кабель өткізгіш өнімдері Қарашығанақ Фаза-1 (ҚРҮ - 1) Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг жобасын кеңейту қажеттіліктері үшін отандық және британдық өндірушілер өкілдері және «Казэнергокабель»АҚ келісімшарт бөлімінің жетекші менеджері Шатских Сергей қатысты.

25.10.2015 - Кабель өндіруші күні!

    25 қазанда «Казэнергокабель» АҚ кәсіби мереке – Кабель өндіруші күнін атап өтті. Мерекенің қарсаңында негізгі өндіріс цехында салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, зауыт қызметкерлерін зауыттың әкімшілігі құттықтады.

   1879 жылы неміс инженері К. Сименс кабель өндіруге куәлік алып,  кабель өндіруінің негізінің қалаушысы болып табылады.
2009 жылдын бастап «Казэнергокабель» АҚ жұмыскерлері мен қызметкерлері кәсіби мереке ретінде атап өтуде.
  «Қазэнергокабель» АҚ «Электрокабель» қауымдастығының мүшесі болғандықтан, мереке қарсаңында «Еңбек сіңірген кабель өнеркәсібінің қызметкері» төсбелгісі және Құрмет грамотасымен марапатталды.
   Кабель өнеркәсіп тиімділігін дамыту, ұйымдастыру және жетілдіру үшін елеулі үлес қосқан адамдар, сондай-ақ бәсекеге қабілетті өнім жасауға қабілетті, жаңа технологиялар мен әдістерді енгізген үшін қызметкерлері  мен жұмыскерлері төсбелгі мен грамотамен марапатталды.
  Қазіргі заманғы өндіріс және еңбегі адал ТМД елдерінің кабель өнеркәсібінің дамуына зор үлес қосқан үшін, «Кабель өнеркәсібінің еңбек сіңірген қайраткері»  төс белгісімен негізгі өндіріс цехінің мастер-технологы - Булатов Дулат  Баткулович марапатталды.

ТМД елдерінің кабель өндірісіне зор үлес қосқан үшін негізгі өндіріс цехінің орынбасары- Батькаев Дмитрий Анварович және негізгі өндіріс цехінің ауысым бастығы -Манахов Николай Андреевич  «Электрокабель» қауымдастығының Құрмет грамотасымен  марапатталды.





«Казэнергокабель» АҚ  Құрмет грамосымен өнеркәсіптің дамуына  зор үлес қосқан үшін автокөлік цехінің жүргізушісі - Аббасов Аллаверды Магмарович, алюминий ширатпаны өндіру цехының 3 разрядты түсті металдар құйюшысы - Абдыкалыков Еркен Манатович марапатталды.



Негізгі өндіріс цехінің 5 разрядты түсті металдар тартушысы - Багинский Александр Леонидович, негізгі өндіріс цехінің 5 разрядты түсті металдар тартушысы - Балтабаев Ержан Серикович марапатталды.



Гаранин Петр Михайлович,  АШӨЦ  ауысымның бастығы.

Задорожный Иван Иванович, сату бөлімінің бригадир-жөндеушісі.


Земерова Юлия Владимировна,  Құқықтық бөлімінің заң кеңесшісі


Колесников Евгений Николаевич, бас энергетик қызметінің бас инженері.


Котик Елена Ивановна, 5-го разрядты сылақшы.


Клюшина Вера Ивановна, 5-го разрядты слесарь- сайманшы.


Никоноров Николай Владимирович,  бас энергетик қызметінің слесарь жөндеушісі.


Продан Александр Антонович, негізгі өндіріс цехының 5-го разрядты кабель оқшаушысы.

Шаерман Виктор Иванович, ТББ  инженер-сынақшысы мен Шатских Сергей Петрович келісімшарт бөлімінің бас менеджері .


Щетинин Сергей Александрович - негізгі өндіріс цехының 4 разрядты кабель мен сымды пластмасса және резинамен оқшаушысы. 


Марапаттау осымен аяқталмай, жұмысқа белсенді қатысқан қызметкерлерді Құрмет тақтасына еңгізлді.



 

 

 

 

 


14.10.2015 - "Казэнергокабель" АҚ Омбы делегациясы келді
   14 қазанда Омбы күндері Павлодар қаласында аталып өтті. Делегация құрамында бизнесмендер, шығармашылық ұжымдар және Омбы қаласының басшысы Вячеслав Двораковский ресми сапармен келді.
   Сапар барысында «Казэнергокабель» АҚ, «Каустик» АҚ, «Нефтехим LTD» ЖШС және тағы басқа кәсіпорындарын тамашалады.
   Омбы қаласының басшылары мен қонақтарына «Казэнергокабель» АҚ жұмысымен таныстырып, зауыттың цехтарына экскурсия жүргізді.

















08.10.2015 - Павлодар қаласында "Ertys инвест-2015" Халықаралық Инвестициялық форум өтті
  Павлодар қаласында С.Торайгыров атында Павлодар мемлекеттік университет негізінде "Ertys инвест-2015" Халықаралық Инвестициялық форум өтті, оның басты мақсаты Павлодар облысының инвестициялық мүмкіншілігі.
 ҚР инвестиция және даму министірі Әсет Исекешев, «Самрук-Энерго» басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қаныш Молдабаев, ҚР Кәсіпкерлер ұлттық палатасының төрағасы Аблай Мырзахметов, "Forbes Kazakhstan" журналының бастырушысы Арманжан Байтасов форумның бас спикерлері болды. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының эксперті Пьер Ив Люка және Deutschebank Kazachstan Президенті Ульф Вокурка қатысты.
  «Казэнергокабель» Акционерлік қоғамы Павлодар қаласының экономика және әлеуметтік коммуникация түрлі салалардағы ақпараттық технологияларды дамытуға ықпал ететін, телекоммуникациялық қызметтерді қамтамасыз ету үшін кең жолақты желілерін ұйымдастыру мәселелері бойынша сұрақтарын талқылады.

07.10.2015 - "Казэнергокабель" АҚ «Ақтау Декларациясы: синергия және жергіліктендіру» форумына қатысты
 Бірнеше күн бұрын Алматыда, «KAZENERGY », «КазМунайГаз»АҚ Қазақстанның мұнай-газ және энергетика ұйымдарының ассоциациясы өткізіліп, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.», «Тенгизшевройл»ЖШС және «Карачаганак Петролеум Оперейтинг Б. В.» мұнай және газ кен орындарының ірі операторлары «Актауская Декларация: cинергия и локализация» жабдықтаушылар форумына қатысты.
 Форумның негізгі мақсаты - өнеркәсіптерді Декларацияның орындалуы туралы таныстыру, сондай-ақ тауарлар мен қызметтерді өндіру және мұнай-газ секторы үшін қажетті басым өнім топтарының оқшаулау үшін ішкі нарықты дамытуға ықпал ету болып табылады.
 Форумға мұнай және газ министрлігінің өкілдері, Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі, сондай-ақ 70-тен астам қазақстандық машина құрылысы мен инженерлік кәсіпорындары, 30-дан астам шетелдік өндірушілер, «Казэнергокабель» АҚ форумға қатысты.
 Форумның жұмыс барысында «Казэнергокабель»АҚ «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» және «Карачаганак Петролеум Оперейтинг Б.В.» компанияларымен ынтымақтастығы туралы сұрақтар қарастырылып, «Тенгизшевройл» ЖШС тауармен қамтамасыз ету туралы ағымды сұрақтары шешілді. Келешекте Ақсай қаласындағы «Карачаганак Петролеум Оперейтинг Б.В.» зауытқа іссапар жоспарлануда.



 



02.10.2015 - Машинажасау ІІІ Форумы!
2015 жылдың 1-2 қазанында «Казэнергокабель» АҚ Қазақстан машинажасау ІІІ Форумына қатысты. Форумға 20 мемлекеттен 700 делегат қатысты.
   Форумның тақырыбы: «Жаңа экономикалық жағдайдағы машинажасаудың мәселелері мен келешектегі дамуы».
   Форумның ұйымдастырушылары «Қазақстан машинажасау одағы» ЗТБ мен инвестиция және даму Министірлігі, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы.
   1 қазанда «Hilton Garden Inn» қонақүйінде машинажасау алты бағыты бойынша секциялық отырыстар ұйымдастырылды: машинажасау өнеркәсібі мен мұнай өндіру және мұнай өндеуге арналған жабдықтар, электр машиналары мен электр жабдықтарын өндіру, автокөліктің өндірісі, теміржол техникасының өндірісі, кен өнеркәсібіне арналған жабдықтар мен машиналары, шаруашылық техникасы. Өнеркәсіпті мамандармен қамтасыз ету туралы панельдік сессиясында Қазақстан, ЕурАзЭҚ-тың , ДСҰ, ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы машина жасауын дамыту сертификаттау жүйесі.
   2 қазанда «НК «Қазақстан Темір Жолы» АҚ ғимаратында пленарлық отырыс болды . Бұл отырысқа Қазақстан Республикасының Премьер-Министірінің бірінші орынбасары Бақытжан Сагинтаев,
   Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму Министірі Асет Исекешев, Қазақстан Республикасының Мәжіліс депутаты, Қазақстан машинажасау одағының төрағасы Мейрам Пшембаев.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министірінің бірінші орынбасары Бақытжан Сагинтаев.

«Казэнергокабель»  АҚ келісімшарт бөлімінің жетекші менеджері.

11.09.2015 - «Казэнергокабель» АҚ «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына атсалысты.
«Казэнергокабель» АҚ қыркүйектің алғашқы күндерінде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына атсалысты.
Жаңа оқу жылының басталысымен Кенжекөл ауылының жетім-балалар отбасы үлгісіндегі үйінің тәрбиенушілеріне спорт киімін сыйлады.
«Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» ММ-нің директорының орынбасары Бахыт Аспандиярованың айтуынша, «Казэнергокабель» АҚ акцияға қатысып, балаларды спорт киімімен қамтамасыз етіп, үлкен көмек көрсеткені туралы алғысын білдіріп, балалар атынан ризашылығын айтты.
«Казэнергокабель» АҚ қайырымдылық акцияларының белсенді қатысушысы болғандықтан жетім-балалар отбасы үлгісіндегі үйімен қарым –қатынасын жылдан жылға ұлғайтып отыр.

11.09.2015 - "Казэнергокабель" АҚ ірі жер қойнауын өндірушілер тамашалады
 Өткен жұмада Қазақстан Республикасының Энергетика Министрлігінің департамент директоры Избастин Б.Т. жұмыс сапарамен Павлодар облысының тауар өнімдеушілерімен Қазақстанның жер қойнауын өндірушілерімен ынтымақтастық жөніндегі кездесу өткізді.
 Делегация құрамында «Тенгизшевройл», «КОР» Мұнай компаниясы, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.», «Мангистаумунайгаз», «СПНС-Актобемунайгаз», «Кумколь Транс Сервис», «Тургай Петролеум», «Казахойл Актобе», «Сагиз Петролеум Компани», «Жамбыл Петролеум», «Карачаганак Петролеум Оперейтинг», «Кольжан» и «ПККР» компаниялардың өкілдері қатысты.
  Сапар барысында Павлодар облысының кәсіпорындарымен танысып, «Казэнергокабель» АҚ тамашалады. Делегацияның жұмыс сапары барысында кабельдер мен сымдардың өндірістік нысандары мен өндіріс цехтары көрсетілді.

01.09.2015 - Ата Заң күнімен!
     «Казэнергокабель» АҚ зауыттастарды Ата Заң күнімен құттықтайды!
     Конституцияға орныққан ережелер мен принциптер Қазақстан мемлекетінің дамуының, әлеуметің және саясаттың тұрақты нығайтылуының, бірлік пен достықтың, ұлтаралық және конфессионалды аралық келісімнің мықты іргетасы.

1 | 2 | 3 | 4